Бейнеу ауданының шекара бөлімшесінің жас жауынгерлері Отан қорғаушылар күніне орай әскери ант қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға аудан әкімі Бейнеубек Әбілов, әкімдік қызметкерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен мектеп оқушылары қатысты.
Шекара бөлімшесіндегі қызметке елдің әртүрлі аймақтарынан 100-ден астам сарбаз әскер қатарына шақырылған.
Шекара қызметінің ержүрек жауынгерлері мемлекеттік шекараны күзету кезінде қолданылатын қоян-қолтық төбелес тәсілдерін, шекараны күзетуде әскери қызметшілерді ертіп жүретін қызметтік иттермен жұмыс барысын көрсетті.
Іс-шарада мерекелік эстрадалық әндер шырқалып, салтанатты рәсімге арнайы шақырылған оқушылар шекара әскерлерінің қызметімен таныс болды.