Ұлы Отан соғысы басталған кезде Ольга Заривняк 13 жаста еді. Бірақ, жастығына қарамастан, ол барлық әскери кезеңдегі балалар сияқты, ересектермен бірге жаумен күресті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Ольга Платоновна "Ерлігі үшін" және "Ұлы Жеңіс" ордендерімен, "1941-1945 жылдардағы ҰОС жеңісіне 60, 65, 75 жыл медальдарымен марапатталды.
Сонымен қатар, оның "Беларусь Республикасының неміс басқыншыларынан азат етілуінің 65 жылдығына", "Соғыс ардагері", "Украинаның фашистік басқыншылардан азат етілуінің 60 жылдығына", "Отан қорғаушы", "Ардагер азат етуші", "Нацизмді жеңгеніне 70 жыл" наградалары бар. Ол сондай-ақ "Украина партизаны 1941-1945" төсбелгісімен, "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы" мерейтойлық медалімен марапатталған.
Ольга Платоновнаны Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз және оған бейбіт өміріміз үшін зор алғысымызды білдіреміз!