28 шағын аудан тұрғындары бұл мәселе бірінші рет емес дейді. Жаңбыр жауа салысымен 15-ші үйдің жанындағы кіреберіс жолы бірден су астында қалады. Мәселені арнайы тұрақтардың жоқтығы қиындатып отыр, кейбір тұрғындар жол бойына көліктерін қояды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Жауын-шашын, қар жауған соң шағын ауданнан шығу мүмкін емес. Қоршаулардан ұстап өту керек болады. Ал егер қолыңызда бала мен арба болса, онда балшықты кесіп өту керек. Жол бұзылған, соның кесірінен су толассыз жиналады», - дейді 28-шағын аудан тұрғындары.