© Талант Құсайын
9 шағын аудандағы 4 үйде кіреберіс шатырдың опырылуы салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша, ескі қалқаны ауыстырмақ болған тұрғын үй шаруашылығы қызметкерлері зардап шеккен.
- Қазір зардап шегушілер тексеріліп жатыр. Біреуінің аяғы сынған. Жалпы екеуінің де жағдайы тұрақты, - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Оқиға орнында полиция қызметі жұмыс жасауда.