Құрық ауылынының көше тазалығын сақтау бойынша жоспарлы және жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғындардың есептік кездесуде көтеріп жүрген мәселерінің бірі ауылішілік тазалық жұмыстары болып отыр. Ауыл тұрғындары контейнерлердің қоршауы болмағандықтан шығарған қоқыстары көшелерге жиналып, жел болған кезде жан-жаққа ұшатыны анықталды. Сонымен қатар. қараусыз жүрген төрт түлікте контейнерді шашатындығы туралы айтылды.
Осы өзекті мәселені тиімді шешу мақсатында 1-ші және 2-ші шағын аудандардың қажетті деген тұстарына тұрғындар қоқыс жинауы үшін бастапқы темір қоршау орнатылды.
- Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Ауылдың тазалығын сақтап, көркейту баршамыздың міндетіміз. Көшелерде қоқыс шашылмай, аула маңдары талдармен көмкеріліп тұрса, ауылымыз әлі де көз мақтанышына айналары шындық. Тек тұрғындардың осы игілікті істе тағы да белсенділіктері қажет, - деп атап өтті ауыл әкімі Ғ.Салихов.
Айта кетейік, жасалған игі іске жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жеке кәсіпкер «А.Алиев» тапсырысты орындап, 3 жерге заманауи темір қоршау орнатты.