Ақтауда 20-ға жуық шағын ауданы бір тәулікке таман ауыз сусыз қалдырған магистральдық құбырдағы апат жойылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тексеру барысында тас жолдың астынан өтетін диаметрі 710 мм полиэтилен құбырдың жарылғаны белгілі болды.
«ҚЖСА» МКҚК директорының орынбасары Ислам Үсеновтың айтуынша, қазір бұл ақау жойылып, жарылған құбыр ауыстырлған.