Маңғыстау облысы полиция департаментінде Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелеріне орай іс-шара өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы ПД бастығы Аян Дүйсембаев, ішкі істер органының ардагерлері және полиция департаментінің жеке құрамымен қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органы қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқандардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.
Полиция генерал-майоры Аян Дуйсембаев алғысөз сөйлеп, жеке құрамды қос мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметкерлерге марапаттар табыстады.
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың құзырымен маңғыстаулық 11 полицей кезекті және арнайы мерзімінен бұрын шендерін алып, 2 қызметкер медальмен, 8 қызметкер төсбелгімен, 10 қызметкер грамота және алғыс хаттарға ие болды.