Ақтау қаласында тұңғыш рет Есенов университетінің ұйымдастыруымен 24 мамыр – 24 маусым күндері ХХІІ жазғы ҚР ЖОО студенттерінің Универсидасы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Yessenov University президенті Берік Ахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұрынғы универсиадалар спорт түрлері бойынша үш-төрт қаланы қамтитын болса, бұл жолы 17 спорт түрінен 20 жарыстың барлығы Ақтауда өтпек көрінеді.
«Алдыңғы универсида бағдарламасында 30-дан аса спорт түрі болса, қазір олар 17-ге дейін ықшамдалып, ең негізгі спорт түрлері ғана таңдалған. Яғни университеттердегі спортшылардың көп айналысатын спорт түрлерінің бейініне қарай, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесе отырып, Дүниежүзілік универсиаданың бағдарламасына басымдық берілген», - деп жазылған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан хабарламада.
ҚР ЖОО студенттері арасында өтетін XIІ жазғы Универсиадасының ашылу салтанаты – 5 маусым, жабылу салтанаты – 24 маусым күндеріне жоспарланып отыр.
Айбек МҰХАНОВ