Жаңаөзен қалалық ТКШ бөлімінде мәліметінше, жарылыс орнына жақын орналасқан көппәтерлі үйлерге газ беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жаңаөзен филиалының мамандары осы бағыттағы газбен жабдықтау жүйесін тексеріп жатыр. Белгілі болған дерек бойынша дәл осы жерде газ реттеу пунктіне жерасты газ құбыры, ал одан тұтынушыларға жер үсті газ құбыры өтетіні анықталып отыр.
"Біз тұрғындарға газды уақытша өшіргенімізді хабарладық. Олар газбен жабдықтау жүйесін тексеру қажет екендігімен келісті. Қазір осы бойынша мамандар жұмыс істеп жатыр. Тексеру 2-3 күнге созылып, аяқталған соң газ беру қайта басталады", - деді Жаңаөзен әкімдігінің ТКШ бөлімінің мамандары.