15 шағын ауданның тұрғындары бұл сұрақты күн сайын қояды. Қаланың аталған бөлігіндегі 21 және 18 үйлер арасындағы кәріз жөндеуден кейін жолдағы асфальт қайта қалпына келтірілмей отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Каспий жылу, су арнасы" МКК жылу энергиясын және судың барлық түрлерін тұтынушыларға тасымалдаумен, сондай-ақ Ақтау қаласының тұрғын және қоғамдық ғимараттары үшін су бұрумен айналысатын кәсіпорын қазір асфальт алуға кезекте тұрғанын мәлімдеді.
- Мамыр айында біздің кезегіміз келеді. Асфальт алғаннан кейін біз жөндеу жүргізген барлық шағын аудандарда асфальт жабындысын қалпына келтіреміз, - деді кәсіпорын директорының орынбасары Ислам Үсенов.
Қалалық мәслихат депутаты Гүлмира Әбішеваның айтуынша, сайлаушылар тізіміне 15 шағын аудан тұрғындары да кіреді және аталған мәселе жіті бақылауда болмақ.