Бүгін 11 «а» шағынаудандағы құбырдың бірінде ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиғаны МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Мәйіттен қандай да бір зорлық белгілері немесе дене жарақаттары табылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша, сот-медицина сараптама тағайындалды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА