Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Гүлзайда Төлеуғалиева мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Спикердің айтуынша, 10 тамыз күні іс-шаралар облыстағы барлық аудан, қалада ұйымдастырылады. Оған мектеп оқушыларынан бастап ересектер қатысады деп жоспарланған. Шаралар онлайн және оффлайн өтеді.
- Ақтауда облыстық кітапханада «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» кітап көрмесі, «Ұлы даланың ұлы ақыны - Абай» поэзия кеші, Абай атындағы МДК-де «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» атты ұжымдардың шығармашылық концерті ұйымдастырылады. Ал Жаңаөзен қаласындағы орталық кітапханада «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...» марафон-көрмесі, «Абай – дана, Абай – дара қазақта» мәнерлеп оқу сайысы өтеді. Сонымен қатар Бейнеу мәдениет үйінде «Көзімнің қарасы» поэзиялық кеші, Боранқұл ауылдық мәдениет үйінде «Құлақтан кіріп бойды алар» әдеби сазды кеші, «Төлеп» ауылдық клубында «Абайдың қара сөздері» көркемсөз оқу сайысы, Тұрыш ауылдық клубында «Абай –дана, Абай - дара» бейне көрсетілімі, Сыңғырлау ауылдық клубында «Дара тұлға» кеші, Тәжен, Сам ауылдық клубында көрсетілім қойылады. Сондай-ақ кітапханаларда тәрбие сағаттары мен кітап көрмесі өтеді, -деді Гүлзайда Төлеуғалиева.
Қарақия ауданындағы Мұнайшы ауылдық кітапханасында «Сөз патшасы – Абай» поэзия кеші, Құрық ауылында Абай туындыларын мәнерлеп оқу сайысы, Жетібай ауылында танымдық кеш, Сенек ауылында әдеби сазды кеш және т.б шаралар өтеді. Ал Маңғыстау ауданында орталық кітапханада «Әлем таныған Абай» мәнерлеп оқу кеші, Онды ауылындағы кітапханада тақырыптық кеш, Жыңғылдыда поэзия кеші, Шебірде әдеби кеші, Үштағанда танымдық кеш, Тұщықұдықта «Өлең сөздің патшасы» мәдени шарасы ұйымдастырылады.
Мұнайлы ауданында Басқұдық, Маңғыстау ауылдық және орталық аудандық кітапханаларда кітап көрмесі өтсе, Түпқараған ауданында мәдениет үйінде «Ұлы Абай әлемі – халықтың мәңгілік өшпес мұрасы» танымдық кеші, кітапханаларда мәнерлеп оқу сайыстары болмақ.