Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы жұмыссыз жастар үшін Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырады.
Жәрмеңке 10 тамыз күні "Достық үйі" ғимаратында сағат 15:00-де басталады. Шара барысында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, қалалық жұмыспен қамту орталығының және жұмыс беруші мекеменің мамандары арнайы сізге кеңес беріп, бос жұмыс орнын ұсынады.
Өзіңізбен бірге түйіндеме және тағы басқа да құжаттарды ала келуді ескертеміз.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне белсенді қатысуға шақырамыз.