21 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Ақтау қаласының аумағында есірткі заттарын салу сәтінде Өзбекстан Республикасының бір топ азаматын ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.
Тінту барысында алдын ала жалпы салмағы 740 грамм болатын "мефедрон" есірткі затының 221 түйірі тәркіленді. Ұсталғандардың бірінің жұмыс орнын тінту кезінде жалпы салмағы 200 граммдық "мефедрон" және салмағы 10 грамм болатын 20 дана "марка" есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған тұлғалар тобы сату мақсатында Ақтау қаласының аумағында орналастыру үшін есірткінің ірі партияларын дайындауды жүзеге асырды және электрондық әмияндарға сатудан ақша қаражатын алды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге ақпарат тергеуге байланысты жарияланбайды