11 және 12 ықшамаудандар арасындағы жолда екі жүргізуші төбелесіп қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Фольксваген Гольф» жүргізушісі 14-ші шағын аудандағы облыс әкімдігінің алдындағы жол қиылысында Toyota Camry көлігінің жолын кесіп өткен.
Екі ер адам Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін «Фольксваген Гольф» автокөлігінің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік кодекстің 601-бабының 2-бөлігі, 606-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ал екінші жүргізушіге аталмыш кодекстің 606-бабы бойынша әкімшілік жаза тағайындалды.
Төбелес фактісі бойынша бұл оқиғаға қатысушылардың бір-біріне ешқандай шағымы немесе арызы жоқ. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.