Маңғыстау облысында жыл басынан бері 284 есірткіге қарсы құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме бере отырып.
Жалпы көлемде есірткі қылмысының 34 дерегі тіркелді. Оның 19-ы есірткі сату, сегізі есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау және төртеуі құрамында заңмен тыйым салынған есірткі бар өсімдіктерді егу дерегі болып табылады.
Сондай-ақ, есірткіні заңсыз жарнамалаған екі тұлға қылмыстық кодекстің 299-бабының 1-бөлігімен жазаланды. ҚР ҚК-нің 300-бабымен 4 дерек орын алып, есірткі притонын ұйымдастырған бір факті анықталды.
Тәртіп сақшыларымен 250 есірткі қылмысына қарсы теріс қылықтар тіркеліп, заңсыз есірткі айналымынан 250 келіге жуық есірткі заттары тәркіленіп алынды.
87 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, 353 граффити жазулары жойылған. Ал есірткі мен олардың аналогтарын жарнамалайтын және сатумен айналысатын 42 ғаламтор сайты бұғатталды.