2022 жылдың 14 қыркүйегінде Ақтау қаласының тұрғыны «Rixos Water World Aktau» қонақ үйіне бір күнге 70.000 теңгеге жолдама алып беремін деп, осы уақытқа дейін уәдесін орындамаған азаматқа қатысты арызданды. Алаяқтық іс-әрекетке барған ер адам жәбірленушіден жалпы көлемде 389.000 теңге қаржы жымқырған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.