Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Қаракөл көліне қара түсті сұйықтық төгіліп жатқаны туралы видео тараған болатын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының өкілдері Ақтау қаласының өндірістік аймағында орналасқан, республикалық мәні бар Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологиялық қаумалының бөлігі Қаракөл көліне құйылып жатқан түсі қара белгісіз сұйықтықты байқап, фото және бейне таспасына түсіріп алған.
Орын алып отырған табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуы фактісін анықтап, тиісті шара қолдану үшін Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментіне жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырып, тексеру жұмыстарына тәуелсіз экологтар ретінде «EcoJer» қауымдастығы Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің мүшелерін қатыстыру туралы хат жолданды.
Кейін, 13 қыркүйек күні, Экология департаменті мен Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының өкілдері және "EcoJer" экологиялық кеңесінің мүшелері Әділбек Қозыбақов пен Бақытгүл Жақсылықова Қаракөлге қара сұйықтық ағып жатқан жерге барып, сынама алып, тиісті актілер толтырды. Ол сұйықтықтың құрамы тиісті сараптамадан кейін белгілі болады. Алдағы уақытта ресми тексеріс нәтижелері шыққан соң міндетті түрде жариялайланадц.