Қаракөл көліне құйылып жатқан сарқынды суды блогер Азамат Сәрсенбаев видеоға түсірген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Құстардың 200-ден астам түрі тоқтайтын Қаракөл көліне қайтадан ағынды сулар төгіліп жатыр. Қалдық сарқынды суларды мұнда шетелдік компаниялар емес, жергілікті мердігерлер әкеліп жатқаны екі есе қорлық», - дейді блогер.
Редакция экология департаментінен аталған мәселе бойынша жауап күтуде.