Бүгін «Бизнес жəне мотивация» тақырыбында мотивациялық тренинг өтті. Тренингті Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе «Ақтау» студенттер Альянсы» корпоративтік қоры ұйымдастырды, - деп хабарлайды mangystaumediа.kz сайты.
Алдымен «Ақтау» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Гүлмира Бурхандинова сөз сөйлеп, шараның маңыздылығын атап өтті.
" Шараның негізгі мақсаты - дарынды əрі белсенді, өз елінің келешегіне немқұрайлы қарамайтын жастардың басын қосу. Сол арқылы жастардың мемлекеттің қоғамдық, саяси, экономикалық жəне мəдени өміріне қатысу деңгейін көтеру", - дейді Г. Баянқызы.
Содан кейін арнайы келген спикер, «Qazaqstan Team» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің жетекшісі, кəсіпкер, Ұлттық құрылтайдың мүшесі, ҚР Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары, спикер Сүлейменов Олжас Серикбайұлы мен «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық студенттер қозғалысының президенті, ҚР Президенті жəне Парламент Сенаты жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі, спикер Ілияс Түстікбаев жастармен кездесіп, еркін пікір алмасты.
Олар жастар арасындағы өзекті проблемаларды қозғады және шешім табуға атсалысуға шақырды. Сонымен қатар білім алу, өзіңді тану, жаңа дағдыны қалыптастыру бағытында кейстерімен бөлісті. Қатысушы жастардың сұрақтарына жауап беріп, диалог орнатты.
Айта кетейік, шара «Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында студенттік өзін-өзі қалыптастыру жүйесін дамыту» жобасының негізінде өткізілді. Оған жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарының студенттері, ҮЕҰ өкілдері және белсенді жастар қатысты.