«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов бригаданың жеке құрамы алдында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам» атты жыл сайынғы Жолдауын түсіндірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әскерилер жиналған жиында реформа бағытының барлық аспектісін қозғалды.
- Біздің егемен еліміз қоғамның және ондағы адамдардың өмір сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін, әрқашан келелі жұмыстар жасап келеді. Жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына стратегиялық инвестициялар салу, мемлекеттік басқаруды қайта жүктеу, заң және тәртіп сияқты бес бағыт бойынша біз міндетті түрде жаңа деңгейге шығатынымызға сенемін. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында проблемалық аймақтарды және елдің одан әрі үдемелі стратегиялық бағыттарын қамтуы, ол ұсынған жоспарлардың ауқымдылығы мен кешенділігін, оның нақты құрылымды екенін көрсетеді" - деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов.
Жиынға әскери бөлім командирлері мен бригада командирінің орынбасарлары, батальон, дивизион командирлері, әскер тектері қызметінің бастықтары, рота және батарея командирлері, сондай-ақ сержанттар құрамы қатысты.
Шара соңында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының ұжымының қолбасшы Президент Жолдауына сөзсіз қолдау білдіретінін және өз тарапынан әскери қызметшілерге оң, әрі жан-жақты қолдау қалыптастыру бойынша жүктелген міндеттерді іске асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.
Айта кетейік, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы президент Жолдауының ережелерін түсіндіру бойынша осындай кездесулерді Бейнеу, Атырау және Ақтөбе әскери гарнизондарында өткізуді жоспарлайды.