Әлеуметтік желілерде бетперде таққан жастардың балта және өзге де құралдардың көмегімен екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсеткен бейнежазбалары таратылған. Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалғалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме бере отырып.
Екі оқиға да Ақтау қаласында орын алғандығы, бірақ әр түрлі уақытта болғандығы анықталды.
Полицейлер қазіргі уақытта жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтап, 16 және 21 жастағы күдіктілерді ұстады. Тағы бір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғалардың толық мән-жайы анықталуда. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.