Соңғы жылдармен салыстырғанда қалада медицина саласы жақсы дамып келеді. Біртіндеп заманауи медициналық жабдықтар орнатылып, еліміздің өзге аймақтарынан арнайы дәрігерлер шақыртылып, өзіміздің де мамандарымыз білімін жетілдіріп – халыққа сапалы медициналық көмек көрсетілуде. Өмір болған соң күнделікті әртүрлі оқиға болып жатады. Бірі иньсулт алып, енді бірі жарақат алып, ота жасатып жатады. Ауруханадан айығып шыққан соң әрбір науқасқа денсаулығын ары қарай қалпына келтіруүшін жақсыкүтім керек. Осы тұрғыда оңалту орталығының атқаратын еңбегі зор. Өйткені оңалту орталығында әртүрлі сырқатқа байланысты ем жүргізіледі. Жақында «Жалымбетов» оңалту орталығына барып, жұмысымен танысып қайтқан едік.
Орталықтың жетекшісі, білікті неврапотолог дәрігер Талшын Асанова орталықтың жұмысы туралы айтып өтті.
-Біздің оңалту бөліміміз 2020 жылдың қантар айында ашылды. Қазір бөлек ғимаратқа көштік. Орталығымызға көбінесе әртүрлі жарақат алып, отадан кейін денсаулығын түзеу мақсатында келеді. Дцпмен ауыратын балалар да біздің орталықтан ем алады. Бізде барлық жағдай жасалған. Лфк кабинеті, массаж жасайтын кабинеттер бар. Қызметкерлеріміз науқастарға арнайы әртүрлі сауықтыру емін жасап көмектеседі. Жаңа әдістерді меңгеріп қолданудың және сауықтырудың ерте тәсілдерін пайдаланудың арқасында инсульттан кейінгі және жарақат алғаннан кейінгі ауыруларды қалпына келтіруде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Лфк, массаж, парафин, ингаляция, Биаптрон секілді аппараттармен ем жасаймыз. Сырқаттың түріне қарай витаминдік уколдарды саламыз. Жалпы айтқанда ұжымымыз тату, медбике қыздарымызаянбай қызмет көрсетіп, науқастардың алғысын алып жатады, - дейді дәрігер Т.Асанова.
Оңалту орталығын аралап көрдік. Ғимаратекі қабатты. Бөлмелері кең әрі жарық. Орталыққа келген науқастар неврологиялық және кардиологиялық сырқаты бойынша 10 күн бойы ем алады. Ем алудың екі түрі қарастырылған. Біріншісі – күндізгі бөлім, екіншісі – орталықтың ауруханасында жатып емделу. Орталықта 9 маман еңбек етеді. Маңғыстау облысының аудандарынан тіпті өзге аймақтардан да келіп ем алатындар бар. Оңалту орталығында 2020 жылы – 84 адам, 2021 жылы – 214 адам, ал ағымдағы жылдың қантарынан бастап күні бүгінге дейін 109 адам ем алып шыққан екен. Сондай-ақ бұл бөлімшеде инфаркт-инсультқа шалдыққан ересектер де ем қабылдай алады. Буыны бостықтан зардап шеккендерге массаж және физиологиялық емдеу жасалып, науқастың дертінен айығуына көмектеседі дейді мамандар. Неғұрлым ертерек емделсе, ем жақсы қонады.
Орталықтың қызметкерлері ем жасап ғана қоймай, қоғамдық шараларға да белсенді қатысады. Мәселең 1 маусым күні халықаралық балалар мерекесіне орай балаларға сыйлық сыйлап, дастархан жайып берген болатын.
Сәуле Ембергенова физикалық кабинетте 11 жылдан бері табан аудармастан еңбек етіп келеді. Ал Динара Өтегенова дене тәрбиесі нұсқаушысы болып жұмыс жасайды. Екі маман да білікті, тәжірибелі. Алдымызға келген әрбір науқасқа барымызша көмек көрсетіп, қалыпты өмір сүріп кетулеріне атсалысамыз дейді мамандар.
Біз орталықта ем алушы апалардан «Орталықтың жұмысы ұнайды ма» деген сауал қойған болатынбыз.
Сәле Ақжігітова, ем алушы: Осы жылы қантар айында аяқ астынан кішігірім инсульт алып қалдым. Содан соң осы орталыққа келіп, барлық қажетті ем алып жатырмын. Маған өте қатты ұнады. Медбике қыздарға алғысымды айтамын.
Жақсылық Өтеген, қала тұрғыны: Мен 2019 жылдың 17 ақпанында басымнан инсульт алдым. Жалымбетов емханасына 6 рет жатып шықтым. Осы оңалту орталығына жолдамамен келіп, қажетті емді алып жатырмын. Қазіргі таңда жағдайым жақсы. Барлығыда әуелі Алла, содан соң дәрігерлерге мен медбикелердің арқасы. Ем жасайтын қыздар тамаша. Еңбектерінің жемісін көріп, халықтың алғысына бөленіп жүре берсің.
Науқастарға барлық медициналық көмектер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы аясында көрсетіледі.