National Geographic журналының қазақстандық редакциясы Ақтаудағы 7-8 сынып оқушылары үшін халықаралық ғылым тақырыбына қатысты түрлі семинар ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жобада Маңғыстау облысы мектептерінің кітапханаларын National Geographic Qazaqstan журналының жинақтарымен толықтыру қарастырылған.
Осылайша, жоба мектептерді әлемдік сападағы қосымша әдебиеттермен қазақ тілінде қамтамасыз етпек.
Сондай-ақ, жоба «Оқуға құштар мектеп» мемлекеттік бастамасын ілгерілетуге өз үлесін қосады.
Оқушылар тренерлермен бірге National Geographic-тің ғажайып ғылым әлемін көреді. Сондай-ақ білім мен ғылымның, сторителлингтің қуатын пайдаланып, планетамызды сақтау үшін ғалымдар мен фотографтар ынтымақтастықта қалай жұмыс істеп жатқанымен танысады.
Бұл іс-шаралар мұғалімдерді де қамтып, олар үшін National Geographic материалдары мен ресурстарын білім беру ісінде қалай пайдалануға болатынын түсіндіретін семинарлар өтеді. Айта кетейік, аталған шараға "ЭксонМобил" компаниясы демеушілік көрсетті.