Бейнеу ауданына қарасты Есет ауылында дәл бүгін 18-ге толып, куәлігін алған Айгерім Қойлыбайқызы дауыс беру құқығына ие болып, өз таңдауын жасады.
Айгерім биыл ғана мектеп бітірген түлек. Туған күні референдуммен сәйкес келген Айгерімнің қуанышында шек жоқ.
- Бүгін менің туған күнім. Осынау тарихи күнмен туған күнімнің сәйкес келгеніне қуаныштымын. Дауыс беру құқығын алып, мен де елімнің саяси тағдырына үлесімді қосып отырмын. Осы өзгерістерден көптеген жақсылықтар күтемін. Тәуелсіз еліміз мәңгі жасасын! - деді Айгерім Қойлыбайқызы.