Бейнеу ауданында ғасыр жасаған әже бүкілхалықтық референдумға қатысып, жастарға батасын берді.
Қалиева Сырға Тілеубайқызы 1922 жылы 1 қаңтарда Бейнеуде дүниеге келген. Биыл әже 100 жасқа толды. Бейнеу халқына «ғасыр әже» деген атпен танымал кейуана өз учаскесіне барып, ел игілігі үшін дауысын берді.
-Жастардың бастамасы оң болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мен өмірімде қиындықтың бәрін көрдім, енді мына жастар қиындық көрмегей. Соғыс пен ашаршылық болмағай. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! – деп Сырға әже батасын берді.