Бейнеу ауданына қарасты Ақжігіт ауылында шағын футбол алаңының құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа футбол алаңы облыстық бюджет есебінен 3,5 млн теңгеге салынған.
Жалпы ауданы 800 ш.м. болатын алаңға жасанды көгал(газон) төселген. Спорт нысанының жан-жағы қоршаумен қоршалып, абаттандырылды.
- Ауданымызда бұқаралық спортқа баса көңіл бөлінуде. Соның арқасында Ақжігіт ауылында жаңа футбол алаңы салынып отыр. Бұл ауыл балалары және ауылмыздың футбол құрама командасы үшін өте қажет еді. Енді міне бұл мәселе де шешімін тауып отыр. Жаңа футбол алаңы жастардың спортқа деген ықыласын арттырып, ауылымыздың сәнін келтіріп тұр, - деді Ақжігіт ауылының әкімі Жандос Салиев.