Табалдырықтан аттаған жылдың алғашқы түнінде облыста 8 сәби дүниеге келді. Оның төртеуі ұл, төртеуі қыз бала. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің денсаулығы жақсы. Мереке күні сәбиін қолына алған ананың бірі — Гүлдана Байханова.
— 31 желтоқсан күні түнде толғағым қысып, перзентханаға түстім. Сол түні аман-есен қыз бала босандым. Қазір жағдайым жақсы. Дәрігерлерге ризамын. Бұл менің төртінші нәрестем, — деді Гүлдана Байханова.
Айта кетейік, облыста жыл басынан бүгінгі күнге дейін 23045-тен астам сәби дүниеге келген.