Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен "Қазақстан Республикасы колледждерінің топ 100 студенті" байқауында Жетібай ауылындағы №8 мектептің түлегі Азамат Нұрбергенов үздіктер қатарынан орын алды. Бұл туралы Қарақия аудандық білім бөлімінің басшысы Қалбибі Бекқалина мәлімдеді.
Оның айтуынша, Азамат Нұрбергенов қазіргі уақытта Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі "Автоматтандыру және басқару" мамандығының ІІІ курс студенті.
- Азамат мектеп қабырғасында жүріп-ақ алғыр, белсенді және оқу озаты болатын. "Талап" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткен үздіктер сайысында 3 кезеңнен де сүрінбей өтіп, Қазақстанның үздік студенттері қатарынан көрініп отыр, - деді Қалбибі Бекқалина.