Ақтау қаласының №3-ші өндірістік аймақ «Мастер Дом» гипермаркеті артындағы ашық алаңда шыққан өрт таңғы сағат 05.05-те толығымен сөндірілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шамамен 700 шаршы метр аумақты сөндіру жұмыстарына барлығы 31 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, тағы Ақтау қаласының әкімшілігінен 24 қызметкер, 2 погрузчик, 4 техника (су тасымалдаушы), 6 самосвал жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт кеше сағат 15:45 шамасында басталған.