COVID-19 індетінің таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында карантинді бұзушыларға қарсы шараларды күшейтіп, олардың есімдерін қазақстандық БАҚ-та жариялау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстауда облысының 7 тұрғынына қатысты оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған хаттама жасалды, оның санкциясы бойынша 87 510 теңге айыппұл қарастырылған (30 АЕК).
ПТР тестінің оң нәтижесі бар бұл адамдар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда қызметтерді қолдануға тырысты.
Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантинінде жүрген адамдарды өзін-өзі оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.
«Тәртіпке бағыну - әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Біз өзіміз үшін ғана емес, сонымен қатар балаларымыздың, отандастарымыздың, бүкіл қоғамның денсаулығы үшін жауаптымыз», - деп хабарлайды МО СЭБД баспасөз қызметі.
Сондай -ақ, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлер барлық шартты сақтауы керек. Өйткені қазір тұрғындардың денсаулығы басты орында.
14 күндік үй карантинін бұзған «қызыл статусы бар» Маңғыстау облысы тұрғындарының тізімі, оларға қатысты айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды:
1. Шапенова А. Д (Ақтау қ.)
2. Сағындыққызы А (Ақтау қ.)
3. Иманкулова Ш.Ж (Ақтау қ.)
4. Махарова А (Ақтау қ.)
5. Нурсейтова Т.К (Ақтау қ.)
6. Изжанова Е.Т. (Ақтау қ.)
7. Ізтұрғанова М.К (Маңғыстау ауданы)