Бүгін Ақтау қаласының аумағында террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау мақсатында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде қаланың жекелеген бөліктерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын шектеу бойынша шаралар көзделген.
Құрметті тұрғындар! Сізден өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауыңызды, құқық қорғау органдарына көмек көрсетуіңізді және сабырлық сақтауыңызды сұраймыз, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.