© Сайт архивінен
Ақтауда сенбі күні жүргізілген мониторингтік жұмыстар барысында «Космос» лоундж-барының шекті уақыттан кейін қызмет көрсетіп жатқаны анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сонымен қатар «Монтана» мейрамханасы да ескертуді елемей қызмет көрсеткен.
Өткен аптада облыс әкімдігінде өткен жиында «Космос» лоундж-барының әкімшісі «Карантинды қатаң сақтап отырмыз», - деген болатын. Адамдардың денсаулығына бей-жай қараған нысан иелеріне тиісті Акт толтырылды.
Құрметті қала тұрғындары мен кәсіпкерлер! Елдегі эпидахуалдың күрт нашарлауына байланысты карантин талаптарын қатаң сақтауды ескертеміз, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.