Маңғыстауда коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың жалпы саны 19 517 адамды құрады. Екпе салу кабинеттерінің саны 32-ге жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 сәуірде 440 адам вакцинаның І компонентімен егілген. Атап айтқанда, «Нейрон» медициналық клиникасында-35, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында-85, Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында-10, Түпқараған орталық аудандық ауруханасында-10, №1 Ақтау қалалық емханасында-50, №2 Ақтау қалалық емханасында-170, №2 және №3 Жаңаөзен қалалық емханаларында-55, «Медикер Каспий» медициналық клиникасында-25.
Вакцинаның ІІ компонентімен барлығы 240 адам егілді. «Нейрон» медициналық клиникасында-50, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында-15, Түпқараған орталық аудандық ауруханасында-15, №1 Ақтау қалалық емханасында-75, №2 Ақтау қалалық емханасында-30, Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында-30, Бейнеу аудандық орталық ауруханасында-25.
Осылайша, облыс бойынша вакцинациялау басталғалы І компонентпен егілгендердің жалпы саны 19 517 адамды құрады.
ІІ компонентпен 2947 адам егілді.
Кез-келген тұрғын өзі тұратын ауданға қарамастан, егу кабинетінің кез-келгенінде екпе жасай алады. Вакцинация дәрігердің алдын ала медициналық тексеруінен кейін ғана жүргізіледі. Процедура тегін.