© Фото архивтен. Авторы: Т. ҚҰСАЙЫН
Ақтау қаласының әкімдігі мен «Ақбота» МКК қызметкерлері орталық көшелерге 100 мың ағаш отырғызуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Көгалдандыру жұмыстары басталғалы мамандар 500-ге жуық ағаш отырғызды.
«Ақбота» МКК директоры м.а Сергей Парфеновтың айтуынша, барлық тал минералды тыңайтқыштар арқылы егіліп жатыр. Көгалдандыру жұмыстары ақпанда басалды. Нәтижесінде 10 шақырым жерге ағаш егіледі.
Еске сала кетейік, облыс әкімі Серікбай Трұмов бұған дейін де шаһардағы жасыл желекті сақтауға көңіл бөлуді талап еткен болатын. Осы ретте жауапты мекеме қалаға тек ағаштар мен гүлдер отырғызуды қолға алмақшы.