Маңғыстауда ақындар айтысы басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін облысымызда «ТӘУ ЕТЕРІМ — ТӘУЕЛСІЗДІК!» атты Ақтөбе және Маңғыстау өңірінің жас ақындары арасында айтыс басталды. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Н.Шыршығұлұлының 190 жылдығына, Қ.Күржіманұлының 180 жылдығына, Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналады, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.