Маңғыстау облыстық қан орталығы донорларды қан тапсыруға шақырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Донорлық қан тапсыру процедурасы арқылы адам ақысыз түрде зертханалық талдау жасайтын мүмкіндік бар. АИТВ, мерез, гепатиттің түрлері, гемоглобин көрсеткішін, эритроцит, лейкоцит және де қан тобы мен резус тәуелділікті анықтап алуға болады. Донорлық арқылы жүрек пен қан тарату тамырлары, иммундық және тамақ қорыту жүйелері, ұйқы безі және тағы да басқа ағзалары тиімді жоғары жұмыс жасайды, денсаулығын жақсартады. Сонымен қатар, қан жоғалту иммунитетті түсірмейді, керісінше жаттықтырады, зат алмасуын күшейтеді және де ағзаның жұмысын жақсартады.
Барлық донор боламын деушілер Ақтау қаласы 34а ш/а облыстық қан орталығына хабарласуға болады.