Ақтауда мониторингтік топ қаладағы кәсіпкерлік нысандарды тексерді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мониторингтік топ сағат 11:00-17:00 аралығында рейдке шықты. Нәтижесінде «Заман» сауда орталығы, «Теремок» кафесі, «PASSAGE» сауда үйі және «Алтел» орталығы санитарлық талаптарды сақтамағанын анықтады. Кәсіпкерлерден акт толтырылып, түсініктеме алынды.