Бүгін Маңғыстау облысында 642 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Білім сынағы 20 қаңтар мен 5 ақпан аралығында өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, оқушылар 45 аудиторияға бөлініп, 2 метр арақашықтықты сақтаған. Тестілеуге 8 оқушы келмеген, ал 4 оқушының ҰБТ тапсыруына рұқсат берілмеді.
Облыс бойынша 4 ҰБТ өткізу пункті белгіленген болатын. Атап айтқанда, Ақтау қаласы Есенов университеті базасында, Жаңаөзен қаласы № 19 орта мектеп базасында, Бейнеу ауданы Күйкен орта мектебінің базасында, Маңғыстау ауданы Б. Жұмалиев атындағы орта мектебі базасында орналасқан.
Еске сала кетейік, биыл оқу жылында 6 987 оқушы мектеп бітіреді. Соның ішінде 5 960 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА