Мұнайлы ауданының полицейлері Жаңаөзен қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамның қалтасынан марихуана табылған. Табылған марихуананың салмағы 4 грамнан асты. Аталған жағдай Мұнайлы аудандық Полиция бөлімінде тіркелген. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған ұқсас дерек Бейнеу ауданының Полиция бөліміне де тіркелді. Полиция қызметкерлері Бейнеу ауылының мас тұрғынын бөлімшеге жеткізді. Жедел уәкілдер ер адамның қалтасынан марихуана тапты.
Тағы бір ер адамды Мұнайлы ауданының полицейлері ұстап, одан "героин" есірткі затын тапты.
Маңғыстау облысының полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаев айтуынша, есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.