Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 28 қаңтарында Ақтау халықаралық әуежайында шетел валютасын контрабандалық жолмен әкету кезінде ер адам ұсталғанын хабарлайды.
Күдікті "Әуежай-Ақтау" кеден бекетінің және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері "Ақтау - Құтаиси"халықаралық әуе рейсін кедендік бақылау барысында жүзеге асырған кезде ұсталды.
Кедендік ресімдеу барысында ұсталған азамат ауызша түрде қолма-қол шетел валютасын декларациялаудың қажеттілігі жоқ екенін мәлімдеді. Алайда тексеру барысында одан 15650 АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған шетел валютасы табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша 551-баптың 3-бөлігі "жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және жазбаша декларациялауға жататын ақша қаражаты мен ақша құралдарын Декларацияламауы не дұрыс декларацияламауы" бойынша әкімшілік іс қозғалды және 10 АЕК сомасында айыппұл салынды. Ақша иесіне қайтарылды.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 343-бабының 1-тармағы 7) тармақшасында белгіленгендей, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.
Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы №130 «Ақша құралдарын және (немесе) ақша құралдарын растайтын құжаттарды ұсыну туралы» шешімімен, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша қаражаттарының жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша 100 он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе онда ақша құралдарын және (немесе) ақша құралдарын растайтын құжаттарды ұсынумен жолаушылар кедендік декларациясымен алып жүру белгіленген. Бұл шешім 2020 жылғы 3 ақпанда күшіне енді.