Ақтау қаласының полициясына Түркияның 26 жастағы азаматы бір ер адам көші-қон құжаттарын ресімдеу үшін 2,5 млн. теңге көлемінде ақша қаражатын алаяқтық жолмен иеленгені туралы арыз беріп, көмек сұрады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Облыстың ПД-ға сілтеме жасап.
Аталған факті бойынша Ақтау қалалық полиция бөлімінде ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғынын осы қылмысты жасады деген күдікпен анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта күдіктілерге мойындау беріліп, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда