Ақтау қаласының тұрғыны полицияға үш ер адам күш көрсетіп және оның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарата отырып, яғни бопсалау арқылы 460 мың теңге мөлшеріндегі ақша қаражатын иемденгені туралы жазбаша өтінішпен жүгінді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ДП-ға сілтеме жасап.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілерді ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша күш қолданып, қорқытып алушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.