Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
8 тамыз күні сағат шамамен 23.00-де Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының жедел уәкілдері Жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Ақтау қаласы 22 шағынауданында орналасқан моншада қырыққа жуық келушілерді ұстады.
Тексеру барысында полицейлер моншаның жұмыс істеп тұрғанын және 15 бөлмесі бос емес екенін анықтады.
Құқық бұзушыларғға қатысты ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Жадығат Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жолданды.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы тұрғындарды карантин режимін сақтап, ережелерін қатаң ұстанып және жеке қорғану құралдарын қолданып жүруге шақырады.