Ақтауда өңірдегі карантин шараларына қарамастан жұмыс істеген шаштараз анықталды. 7 тамыз сағат 11.30-да 1 шағынаудандағы учаскелік инспекторлар аталған мекемені анықтады.
Шектеу шараларын бұзғаны үшін кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді.
Полиция қызметкерлері күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
Маңғыстау Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев бас санитарлық дәрігердің ұсынысы негізінде аймақта әлі де шектеу шаралары қолданылатынын еске салады.