Аймақтағы ХҚКО іске қосылғаннан бері тұрғындарға ұсынылатын мемлекеттік қызмет саны да артып жатыр.
«Біз жағдайды үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Қызмет алушылар халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті бір апта бұрын брондау керектігін айтып шағымдануда. ХҚКО жұмыс уақытын біртіндеп ұзарту арқылы осы мәселені тұрақтандырып, қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерді алу қажеттілігін қамтамасыз етеміз деп ойламын», - деді басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан бері ХҚКО арқылы үш миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ әлі де карантин жағдайы сақталғандықтан, ХҚКО-да алдын ала брондау арқылы және тек қана қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі. Ал электрондық қызметтер жеңілдік терезелерінде зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен көпбалалы отбасылардың мүшелеріне ғана көрсетіледі. Компьютерлері немесе интернеті жоқ азаматтар онлайн қызметтерді алу үшін әкімдіктер мен екінші деңгейлі банктерде орналасқан egov.kz бұрыштарын пайдалана алады.
Айта кетейік, облыс бойынша алдын ала брондауды қажет ететін үш ХҚКО бар. Нақтыласақ, Ақтау қаласындағы 15 шағынаудан, 3б шағынауданы және мамандандырылған (АвтоЦОН) ХҚКО.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі.