Өңірдегі тыл және еңбек ардагерлері "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шараның мақсаты - ерлік танытқан майдангерлерге тағзым ету, соғыс жауынгерлерін еске алу.
"Ұлы Отан соғысына әкем, кейін екі ағам қатысты. Бүгін соғыста жеңіс үшін жан аямаған жандарды еске алып, құран бағыштап, гүл шоқтарын қойдық. Ардагерлерді еш уақытта ұмытпайық, олардың есімін жадымызда сақтайық", - деді тыл ардагері Күнбетбай Әлібекұлы.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА