Кеше Премьер лигада ақтаулық «Каспий» клубы қызылордалық «Қайсарды» 1:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ала доп алаңында жалғыз голды ақтаулық футболшы Стефан Букорац өзінің еншісіне жазды.
Айта кетейік, Премьер-лигаға ұзақ жылғы үзілістен кейін қайта оралған Ақтаудың «Каспий» клубы да бес тур бойы бірде-бір ұпайға қол жеткізе алған жоқ. Есесіне бүгінгі қарсыласы - Қызылорданың «Қайсары» бірде-бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ болатын.