ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ҚР ҚПК-нің 200- бабының тәртібімен енгізілген ұсыныс Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің онлайн режимде өткізген шұғыл мәжілісінде қаралды, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Шұғыл мәжіліске Департамент басшысының бірінші орынбасары С. Қаныбеков, аға тергеуші А. Абдулов, ҚАЖ департаментінің басшысы Ж. Басаров пен аталған департамент қызметкерлері қатысты.
Ұсыныста ГМ-172/6 мекемесінің бас есепшісіне қатысты заң бұзушылық қаралды. Аталған мекеменің бас есепшісі жеке кәсіпкердің шотына бірнеше рет негізсіз ақша қаражатын аударып, кейін қолма-қол өзі иемденіп келген.
Шарада осындай заң бұзушылықтарға жол берген фактілерді жою жөнінде МО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті тарапынан оған қарасты мекемелер мен басшыларға, есеп бөлімі және басқа да қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізіп отыруға, ГМ-172/6 мекемесінің есеп бөлімінде орын алған заң бұзушылықтарды қатаң бақылауға алу ұсынылды.