Бұл туралы Қазақстан мен Еуразия халықтарының Достық пен Мәдениет бірлестігінің басшысы Ақмарал Рысбай фейсбук парақшасында жазды.
"Құрметті отандастар! Анталия қаласының орталығында, Ларада Чаглаян махаллесіндегі үлкен паркке Қазақтың ұлы ақыны, жалпы Түрік дүниясының ойшылы, философ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ атамыздың есімі берілді!!! Баршаңызды осы қуанышпен құттықтаймын! Салтанатты ашылуы Түркиядағы Қазақстанның елшісі Абзал Сапарбекұлының қолдауымен қыркүйек айының аяғына жоспарланып отыр.(қосымша хабар береміз). Жақсы, қуанышты хабарлар көп болсын, ағайын!", деп жазды ол фейсбук парақшасында.